Жол машиналары мен механизмдерін реттеуші

3W07160401
10501 қаралым

Сипаттама

Жол машиналары мен механизмдерін реттеуші - темір жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің жабдықтарын техникалық қамтамасыз етумен, темір жол рельстерін дефектоскопиялау құралдарын пайдаланумен айналысатын білікті маман.

Жол машиналары мен механизмдерін реттеушінің міндетіне мынадай жұмыс түрлері кіруі мүмкін:

  • нұсқау берілген және жұмысқа жіберілген жұмысты орындайды;
  • тікелей басшыдан тапсырманы орындау, жұмысты жүргізудің қауіпсіз тәсілдері мен әдістері бойынша нұсқаулар алады;
  • технологиялық жабдықты, құрылғылар мен құралдарды пайдалану қағидаларын, жұмыстарды қауіпсіз орындау жолдары мен тәсілдерін сақтайды;
  • жұмыс уақытында табылған барлық кемшіліктер және т.б. туралы тікелей басшыны дереу хабардар етеді.

Мамандықты ойдағыдай меңгеру үшін физика, химия бойынша базалық білім болу қажет.

Жалақы жұмыс орнына, біліктілік деңгейіне және тәжірибесіне байланысты. Орташа жалақы: 100 мың теңге және одан да жоғары.

Табысты жұмыс істеу үшін бірқатар жеке қасиеттер талап етіледі: ұқыптылық, тәртіптілік, жауапкершілік, назар аудару және қозғалыстарды үйлестіру, физикалық төзімділік, қарым-қатынас жасау.

Осы кәсіптің артықшылығы еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие, табыстың жоғары деңгейі, жеңілдіктер, мансаптық өсу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ бірқатар үстемеақылар мен сыйлықақылар бар.

Бұл мамандықтың кемшілігі жоғары жауапкершілік болып табылады, жұмыста іркілістер болады. Кейде реттеушілерге тәуліктің әртүрлі уақытында авариялық ақауларды жоюға дайын болуға тура келеді. Кез келген ауа райында көп сағат ашық ауада болуға дайын болу керек.

Жас маман үшін білу маңызды: егер шебердің дағдылары жоғары болса, онда оның сұранысы да жоғары болуы мүмкін.

Түлектер темір жол көлігі саласында сұранысқа ие.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Емтихансыз. Әңгімелесу

100
Орындар саны
1
Қазіргі үміткерлер саны

Бейіндік пәндер

Қайда жұмыс істеуге болады

.

Бізді қалай таба аласыз

50-18-40, 87751215292
zdcolledj@mail.ru
https://vktk.mycollege.kz/