Менеджер - кәсіпорын қызметінің белгілі бір бағытына жауап беретін басшы немесе басқарушы (персонал жөніндегі менеджер, инвестициялық менеджер, қоғаммен байланыс менеджері, қаржы менеджері, тәуекел менеджері, бренд менеджері, аккаунт менеджері, сату менеджері), жоба (жоба менеджері) немесе тұтас бір компанияны басқарушы (топ-менеджер).
Менеджердің орташа жалақысын атаудың өзі қиын, өйткені ол қызмет саласына тікелей байланысты. Сату жөніндегі менеджер қаржы менеджеріне қарағанда аз алуы мүмкін және керісінше, мысалға, бірінші менеджер элиталық тұрғын үйлерді сатумен айналысады.
Ойдағыдай білім алу үшін білімнің қай саласы қажет екенін айту қиын. Мұнда математиканы білу, сауатты сөйлеу мен жазу қабілетінің болуы маңызды рөл атқарады.
Есесіне жемісті мансапқа жету үшін студенттің бойында қандай қасиеттер болуы керек екендігін нақты атауға болады: олар - көшбасшылық қасиеттер, коммуникабельділік, мақсатқа жетудегі табандылық, қажырлық, кейде тіпті қасарушылық. Сонымен қатар ұқыптылық қасиеттің болуы да маңызды рөл атқарады. Өйткені бұл қызметкер басқаларға қарағанда кездесулерге уақытында келуі керек.
Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе - 5 жыл.
Жас маман кәсіпорын мен оның құрылымы туралы базалық білімінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін. Алайда бұл бағыттағы білім уақыт өте келе міндетті түрде пайда болады. Жұмыс мансабының бас кезінде бірден жоғары лауазымға өте алмайтынын ескерген жөн. Ең төменгі лауазымнан бастау керек болады. Алайда өзін жақсы жағынан танытып, өз білімі мен көшбасшылық қасиеттерін көрсетсе алса, онда одан да жоғары лауазымға өтудің барлық мүмкіндіктері бар.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек