Жол инспекторы – көлік жүйелерінің дамуын болжаумен, қозғалысты ұйымдастыру жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін кешенді бағалаумен, қозғалысты ұйымдастыру бойынша жүйелер мен қызметкерлердің жұмысын бақылаумен айналысатын, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыру саласында көптеген басқа функцияларды орындайтын маман.
Жол инспекторы мынадай жұмыс түрлерін орындайды:
• автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерінің сақтауын бақылау;
• көшелер мен жолдардағы көлік қозғалысы мен көлік ағынын реттеу;
• жолдарда авариялық жағдайлардың туындауының алдын алу;
• жүргізуші куәлігін, автомобильдердің техникалық паспорттарын тексеру;
• жол-көлік оқиғаларына тексеру жүргізу және себептерін анықтау (бақылау өлшеулерін жүргізу, жол-көлік оқиғасының куәгерлерінен жауап алу) және т.б.
Инспектордың басты міндеті еліміздің көшелері мен жолдарындағы көлік қозғалысының қолданыстағы ережелерін білу, сондай-ақ оның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды білу болып табылады.
Тәжірибесі аз жол инспекторының орташа жалақысы 100-120 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің заң, экономика, экология саласында білімі болуы тиіс.
Мынадай жеке қасиеттері болуы қажет: жоғары деңгейдегі үйлестірімділік және зейін аудара білу, талдау жасау, түрлі фактілерді салыстыру, көру арқылы жақсы есте сақтау, ұйымдастырушылық, экстремалды жағдайларда жылдам әрекет ете білу қабілеті, коммуникативтік қабілеті, физикалық төзімділік, өзін-өзі бақылай алуы.
Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе – 5-7 жыл.
Бұл мамандықтың артықшылығы - автокөлік саласына мамандардың қажеттілігі, сондай-ақ жақсы табыс табу мүмкіндігі.
Жас маман автомобильдердің көп болуы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін. Технология күрделенуде және қауіпсіздік талаптары артуда.
Мамандықтың кемшілігі - бұл жұмыс қиын, алайда айтарлықтай қызықты. Әртүрлі ауа райы жағдайында және кез келген уақытта жұмыс істеу қажетттігі туындауы мүмкін. Бұл жұмыс жүйке жүйесі ауыратын, тілінде айқын білінетін кемістігі бар, денсаулығы нашар адамдарға келмейді.