Жол және құрылыс машиналарының машинисі бульдозер, экскаваторлардың көмегімен жер, жол және құрылыс жұмыстарын жүргізетін; мамандандырылған машиналардың көмегімен жолдарды тығыздап, тегістейтін білікті маман. Жол-құрылыс машиналары мен тракторларын жөндеу бойынша слесарьлік жұмыстарды орындайды.
Жол және құрылыс машиналарының машинисі мынадай жұмыс түрлерін орындайды:
Еңбекақы жұмыс орнына, біліктілік деңгейіне және тәжірибесіне байланысты. Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің физика, математика, сызу саласында білімі болуы тиіс.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 2-3 жыл.
Бұл мамандықтың артықшылығы еңбекақының жоғарылығында және сұранысқа ие болуында. Ал қалғаны тек сіздерге, яғни осы мамандықтың барлық ерекшеліктерін түсіну және прогреспен қатар жүру қабілетін игеруге байланысты болады. Себебі әлемдік машина жасау бүгінгі таңда қарқынды дамуда. Заманауи компьютерленген техниканы нағыз кәсіби мамандар басқарса ғана, ол бәрін жасай алады.
Ойдағыдай жұмыс істеу үшін шеберге бірқатар жеке қасиеттер қажет: дене күші мен төзімділік, есту және көру қабілетінің жоғары болуы, реакциялардың жоғары жылдамдығы мен дәлдігі, дамыған көз өлшегіші, зейінді бөлу және тез ауыстыра алу, жақсы көру қабілеті, техникамен жұмыс істеу бейімділігі.
Бұл мамандықтың кемшілігі денсаулыққа ықтимал қауіптердің: химиялық және физикалық факторлардың әсерінен туындайтын аурулардың пайда болуында. Жылдың кез-келген мерзімінде еңбек етуге, кез-келген ауа-райы жағдайында ашық ауада көп уақыт өткізуге дайын болуға тура келеді.
Осы саланың жас маманы осы мамандықты таңдай отырып, күрделі жұмысқа, білім мен қауіпсіздік техникасының жоғары талаптарына дайын болу керек екенін білгені жөн. Тапқырлық, аналитикалық ойлау, үстеме жұмысқа дайын болу құпталады.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек