Техник-механик

4S07160403
9229 қаралым

Сипаттама

Техник-механиктер машина жасау саласында зерттеулер жүргізу кезінде, сондай-ақ машиналарды, тораптар мен механикалық жабдықты жобалау, дайындау, монтаждау, құрастыру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде техникалық міндеттерді орындайды.
Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− машина жасауды зерттеу мен дамыту және жаңа механикалық құрылыстарды жасау, оларды орнату және жиынтықтау, сондай-ақ қолданыстағы аналогтарды тестілеу саласында техникалық көмек көрсету;
− белгіленген техникалық параметрлерге сәйкес машиналар мен механикалық жүйелердің, жабдық пен жиынтықтаушы материалдардың макеттерін жобалау және жасау;
− белгіленген ерекшеліктерге сәйкес жабдықты шығару мен монтаждау үшін қажетті материалдық және еңбек шығындарының саны мен құнына толық бағалау дайындау;
− ерекшеліктер мен қағидаларға сәйкес қанағаттанарлық жұмыс істеуі мақсатында машиналар мен механикалық қондырғыларды дайындауға, монтаждауға, пайдалануға, қызмет көрсету мен жөндеуге техникалық бақылауды қамтамасыз ету;
− кемелердің корпустарына, кеме жабдығы мен жүктерге қатысты теңіздегі барлау жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік қағидаларан, стандарттары мен рәсімдерін әзірлеу және сақталуын бақылау;
− жаңа және жетілдірілген механикалық тораптарды, жиынтықтаушы бұйымдарды, білдектер мен бақылау құралдарын, сондай-ақ гидроэнергетикалық жүйелерді монтаждау және орнату;
− механикалық жүйелерге сынақтар жүргізу, алынған деректерді жинау және талдау, сондай-ақ инженер-механиктерге көмек көрсету үшін механикалық тораптарды жинау және орнату;
− қолданыстағы ерекшеліктердің, қағидалар мен шарт талаптарының негізінде механикалық конструкцияларды жобалауды бастаудан аяқтауға дейін жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Белгісіз

125
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз

Бейіндік пәндер

Бізді қалай таба аласыз

50-18-40, 87751215292
zdcolledj@mail.ru
https://vktk.mycollege.kz/